Что такое туберкулез на казахском языке

Обновлено: 23.04.2024

Әлемде жыл сайын туберкулезден 2 миллиондай адам өлімге ұшырап отырады. Олардың ішінде миллионға жуығы әйелдер. Туберкулезден өлген әйелдер өлімінің саны, барлық аналар өлімімен салыстырғанда әлдеқайда артық. Жетім қалған балалар санын осыдан-ақ білуге болады.

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы алдымыздағы 20 жылдың ішінде туберкулезбен тағы 200 миллион адам ауырып, 70 миллион адам өлуі мүмкін деп ескертеді.

Егер әрбір адам туберкулез туралы жетік білсе және бұл тұрғыда өзінің білімін күнделікті өмірде қолданса, аталмыш дерттің өршуіне және таралуына тосқауыл қоюға болады.

Туберкулезді емдеуде және алдың алуында орта буынды медицина қызметкерлерінің жұмысының маңызы зор.

Аурудың қоздырғышы – туберкулез микобактериялары немесе КОХ таяқшалары.Оларды 1882 жылы ашқан Роберт Кох деген ғалымның құрметіне аталады.Олар өте төмен температурада, кепкен күйінде де тіршілігін сақтайды, әртүрлі қышқылдар, негіздер және спирт те әсер етпейді.

Таралу жолдары. Таяқшалар ауа-сілекей, шаң-тозаң,тамақ және плацента арқылы тарайды.

Аурудың көзі – ауру адам және ауру мал. Микобактериялардың организмге ену жолдары: жоғарғы тыныс жолдарының және ас қорыту ағзаларының шырышты қабаты арқылы, өте сирек жағдайларда ауру анасынан құрсақтағы балаға плацента арқылы өтеді.

Патогенез. Кох таяқшалары организмге жоғарыда аталған жолдар арқылы еніп, қанға және лимфаға өтеді. Осы бактериемия 8 күннен 11 айға дейін белгі бермей созылуы мүмкін.

А) ерте туберкулез интоксикациясы;

Б) кеш туберкулез интоксикациясы;

2. Тыныс алу ағзаларының туберкулезі:

А) біріншілік туберкулездік жиынтық;

Б) өкпенің ошақты туберкулезі;

В) өкпенің инфильтративті туберкулезі;

Г) туберкулездік бронхоаденит;

Д) туберкулездік плеврит;

Е) жоғарғы тыныс жолдарының туберкулезі;

3.Басқа ағзалардың туберкулезі:

А) сүйек туберкулезі;

Б) лимфа түйіндерінің туберкулезі;

В) туберкулездік менингит;

Г) тері қабатының туберкулезі;

Д)зәр шығару және жыныс ағзаларының туберкулезі;

Туберкулез интоксикациясы – ерте және кеш туберкулез интоксикациясы болып екіге бөлінеді. Ерте туберкулез интоксикациясында микобактериялар организмге енгенмен, әлі белгілі бір ағзаға шоғырланып үлгермеген, балада жалпы жағдайының бұзылу белгілерімен байқалады: бала тез шаршағыш, мазасыз, ұйқысы бұзылған, басы жиі ауырады, көп терлейді, салмағын қоспайды, субфибрильді температкра байқалады. Манту белгісі оң нәтиже көрсетеді. Қан анализінде: лейкоцитоз, эозинофилия анықталады. Аталған белгілер 1-4 айға деін созылады, дер кезінде анықталып, ем жүргізілсе, бала айығып кетеді. Кейде созылмалы туберкулез интоксикациясына немесе таберкулездің басқа түріне айналып асқынады. Аталған ерте туберкулез интоксикациясының белгілері туберкулез виражынан кейін 6 -12 айдан өткесін де байқалса, ол созылмалы туберкулез интоксикациясына айналған. Оның өзі 2 түрде – жеңіл және ауыр түрлерінде өтеді.Жеңіл түрінде баланың жалпы жағдайы көп өзгермейді, кейде ғана тез шаршағыштық, мазасыздық, төмен субфебрильді температура байқауға болады. Ауыр түрінде – баланың жалпы жағдайы өзгереді, интоксикация белгілері анығырақ білінеді, шеткі лимфа түйіндері ісініп, қатаяды.Баланың жиі-жиі көзі ауырады, кейде аяқ- қолында, санында қошқыл түсті бөртпелер аңықталады. Қанда лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарылайды.Дұрыс ұйымдасттырылған ұзақ уақыт ем жүргізілсе бала жазылып кетеді.

Біріншілік туберкулездік жиынтық- туберкулездің бұл түрінде инфекция өкпе тканін зақымдап, туберкулездік қабыну ошағы (Гон ошағы) пайда болады. Сонымен қатар, қабыну процесі өкпе лимфа түйіндерін де қамтиды.

Туберкулездік бронхоаденит – туберкулездің балаларда ең жиі кездесетін түрі, өкпе түбіріндегі лимфа түйіндерінің қабынуымен сипатталады. Ауру жоғары температура, жалпы жағдайдың өзгеруі және интоксикация белгілерінен басталады. Рентгендік тексерісте үлкейген өкпе- бронх лимфа түйіндеріне көре аламыз.Нәтижесінде қабыну процесінің беті қайтып, лимфа түйіндерінде кальцинаттар қалады.

Өкпенің ошақты туберкулезі. Өкпеде, бірнеше сегменттерде, диаметр 1см- дей қабыну ошақтарының пайда болуымен сипатталады. Клиникалық белгілнрі әлсіз білінгендіктен, тек флюрографиялық тексеріс кезінде анықталады.

Өкпенің инфильтративтік туберкулезі. Өкпедегі экссудативті қабыну өзгерістерімен сипатталады: пневмония,тұмау белгілеріне ұқсас басталғандықтан, ажырату қиын болады. Диагнозды толық анықтау үшін рентген тексеріс пен Манту белгісіне сүйенеміз.

Туберкулездік менингит. Барлық жастағы балаларда кездеседі. Кейінгі жылдары БЦЖ вакцинасын егу арқылы туберкулездің бұл түрінің саны азайды. Аурудың клиникасы: байқалмас баланың қатты басы ауруы, себепсіз құсуы, бұлшық ет тонусының жоғарылау анықталады. Одан кейін шыңғырып жылау, брадикардия, менингеальды белгілер – желке бұлшық еттерінің тартылуы ( Керниг – Брудзинский симптомы). Диагнозды анықтау үшін жұлын-ми сұйықтығын тексеру, немесе Манту белгісін қою көмектеседі.Жұлан-ми сұйықтығының құрамында белок мөлшері жоғарылайды 0,66-2,0% ге дейін, ( норма 0,2-0,3%), 100-600 дейін лимфоцитті лейкоцитоз анықталады

Мұқият анамнез жинау;

аурудың клиникалық белгілерін ескеру;

лабораториялық зерттеулерге сүйену:

қанның, зәрдің жалпы анализдері;

қақырықтың, жұлын сұйықтығының бактериологиялық тексерістері;

рентгенография, рентгеноскопия, томография, флюрография

туберкулинодиагностика: манту белгісін қою.

Манту белгісінің нәтижелері:

Егілген жерде тек иненің орны немесе папула өте кішкентай – диаметрі 1 мм екені анықталса, бұл теріс нәтиже болып саналады.

Папуланың диаметрі – 2-4 мм болса немесе папула жоқ , тек қана қызару аныкталса, бұл күмәнді нәтиже.

Папуланың диаметрі – 5 мм және одан жоғары болса оң нәтиже.

Папуланың диаметрі 17 мм – ден де жоғары болса гиперергиялық реакция болып табылады.

Туберкулез белгілері болмай, бірақ манту белгісі өмірінде бірінші рет оң нәтиже берген жағдайды вираж деп атайды. Бұл балалар диспансерлік есепке алынып 3 ай бойы тубазид немесе изониазидпен химиопрофилактика жүргізіледі. 1 жылдан соң қайта манту белгісі қойылады. Нәтижесі теріс болған жағдайда диспансерлік бақылаудан алынады. Оң болған жағдайда баланы толық тексеріп, диагноз қойылып емделінеді.

Емдеу.Туберкулездің емі кешенді ( комплексті) түрде, үзіліссіз сатылап, ұзақ жүргізілуі қажет. Емдеудің 1-ші сатысы арнайы туберкулез диспансерінде жүргізіледі. Емнің негізгі бір шарты – таза ауаны кеңінен қолдану. Ауру баланы жылдың кез- келген мезгілінде таза ауамен қамтамасыз ету қажет. Сондықтан да туберкулез диспансері орманды, тоғайлы, ауасы өте таза жерлерге орналасқан жөн. Күн тәртібі – бала ауыр жағдайларда ғана төсек режимінде болады. Баланың ұйқысы тыныш, ұзақ болуы керек. Тамақтандыру ерекшелігі – баланың жасына қарағанда калориясы 15-20 % артық тағамдар тағайындалады. Тамақ құнарлы, витаминдерге бай, алуан түрлі болуы керек. Туберкулездің емінде қымыз, қымырын кеңінен пайдаланылады.

Дәрілік ем:1. Антибактериальды- кейінгі жылдары итальяндық ғалымдар жүргізген көптеген лабораториялық және клиникалық зерттеулерден соң ең тиімді, ең таңдаулы 5 түрлі дәріге тоқталған: рифампицин, стрептомицин, пиразинамид, изониазид, этамбутол.

ДОТС жоспарымен емдеу. Туберкулезді ДОТС жоспарына сәйкес емдеудің негізгі принципі – тікелей бақылаулы, қысқа мерзімнің ішінде қарқынды, белсенді ем жүргізу болып табылады. Микобактериялардың сыртқа бөлінуі тоқтағанша арнайы туберкулез диспансерінде, одан кейін бактериялар толық жойылғанша амбулаториялық жағдайда ем жалғастырылады. Ем жүргізу үшін жоғарыда аталған негізгі 5 препарат қолданылады:H-изониазид, R-рифампицин, Z- пиразинамид, S- стрептомицин, E- этамбутол.

Туберкулезді емдейтін дәрілердің жанама әсері

Туберкулез ауруы алғаш анықталған науқастардың 5-10 % да дәрінің мынандай жанама әсерлері байқалады: тәбеттің төмендеуі, жүректің айнауы, құсу, дененің қышуы, іштің ауруы, терінің және көз шарасының сарғаюы, буындардың ауруы, көздің көруінің төмендеуі.Негізінде жоғарыда айтылған дәрінің жанама әсерлерің емді тоқтатпай-ақ қайтаруға болады.

Дәрінің жанама әсерін немесе жақпағанын дәлелдемей емді тоқтату туберкулездің мультирезистенттік ( дәріге төзімді) және созылмалы түрінің пайда болуына алып келеді.

Мультирезистенттік ( дәріге төзімді) туберкулез- туберкулездің ең қауіптігі түрі. Себебі, туберкулез таяқшалары ауруға қарсы қолданатын негізгі дәрілерге бой үйретіп алады.

Емнің барысында, аяғында қақырықтың барлық анализінде туберкулез таяқшалары табылмаса, ем нәтижелі болды деп есептеледі. Бұл жағдайда дәрігер науқас туберкулезден толық жазылды деп шешім қабылдайды, ал ауырған адам сау адамдар қатарына қосылып, отбасында, жұмыста, басқа да қоғамдық орындарда еркін жүре алады.

Аурудан жазылған адамдардың кейбіреуінде жағымсыз факторлардың әсерінен ( нашар тамақтану, жиі суықтап қалу, қатты шаршау, маскүнемдікке, нашақорлыққа салыну т.б) туберкулездің қайталануы мүмкін. Сондықтан, туберкулезден емделіп жазылғандардың бәрі, егер жөтел қайта қайталанса дәрігерге дереу қаралып, қақырығында туберкулез таяқшаларының бар-жоқтығын тексертуі керек.

Туберкулездың арнайы алдын алуы.

Бала туылғаннан кейін 2-4 күндері перзентханада 0,05 мг (0,1мл) тері ішіне БЦЖ вакцинасы егіледі.

БЦЖ ревакцинациясы бала мектепке барғанда 1 сыныпта қыркүйек айында жүргізіледі.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу

Туберкулез

Оларға бөлінеді: Жеңіл, ауыр, орташа түрлері.
А Компенсирлық процесс, Б субкомпенсиралық,С – декомпенсиралық
Қақырық пен микобактерия сыртқа шықса оны туберкулездің ашық түрі дейді.БК+,МГ+
Микобактерия туберкулезі қақырықпен сыртқа шықпаса оны жабықтүрі деп аталады.БК-,МТ-

Туберкулездің жіктелуі
1.Балалардың және жас өспірімдердің туберкулез интоксикациясы.
2. Тыныс жолдарының туберкулезі.
а) біріншілік туберкулезді комплекс.
б) ішкі кеуде торының лимфа бездерінің туберкулезі.
в) диссиминералық өкпе туберкулезі.
г) ошақты өкпе туберкулезі.
д) инфилтрациялық өкпе туберкулезі.
е) кавернозды өкпе туберкулезі.
ж) фибринозды кавернозды өкпе туберкулезі.
з) цирротиклық өкпе туберкулезі.
и) туберкулезді плеврит
к) Жоғарғы тыныс жолдарының трахеяның,бр дың туберкулезі.

3.Басқа системалардың және мүшелердің туберкулезі.
а)Ми қабатының және орталық нерв жүйесінің туберкулезі. Туберкулезді процестің сипаттамасы.
Туберкулез процесс өкпеде орналасады.Бөлшектерде және сегменттерде.Басқа мүшелерде зақымдалған жерде орналасады

Туберкулездің фазалары: а)инфильтратция б)ыдырау-тыртықтану Асқынуы.Өкпеден қан кету,пневматоекс,өкпе-жүрек жетіспеушілігі,ателектоз,бүйрек жетіспеушілігі,бронхинальды свищ және т.б Созылмалы туберкулез интоксикациясы.Көбінесе балаларда кездеседі.Кейбір кезде температура жоғары,бала көп шаршағыш болады,әлсіздік,көп терлейді,тәбеті төмен болады.Диагноз қою үшін проба манту жасаймыз.Бұл кезде проба манту оң болады. Инфильтрациялық және кавелнозды туберкулездың клиникалық көрнісі. Әлсіздік температура жоғары, терлегіш, жөтеледі, аз мөлшерде қақырық шығады, қан түкреді,ентігу пайда болады.
Перкуторлы зақымданған өкпеннің үстінде перкуторлы дыбыс қысқа болады.Тыныс алу бронхиальды кавериан үстінде анфориналық тыныс алу кішкентай көпіршікті дымқыл сырылдар.
Рентген өкпе опасы қарайған.
Туберкулездің кавернозды түрінде рентгенде кавернато табамыз.Қанда лекоситер көбейген,СОЭ өте ұлғайған қақырықта. Туберкулез микобактериясын табамыз.Қақырықта табылмаса үш күн бактерияскопияолықтексеру жасаймыз.


Туберкулездің жалпы сипаттамасы

Туберкулездің жалпы потологиясы қабыну болып табылады.Эксудатты қабыну өкпе альвеолаларын және шырышты қабатты зақымдап пневмания тудырады.
Өкпе туберкулезнің алғашқы клиникалық формасы болып,біріншілік туберкулез комплексі саналады.Ал туберкулезды плеврит деп өкпе қабықшасының қабынуын айтады.
Егер процесс жасырын түрде өтетін болса,онда оны А әріппен белгілейміз.Туберкулездің ашық түрінде қақырықтан туберкулез таяқшалары табылса,оны БК деп белгілейміз.
Туберкулездің алғашқы басталуы лихорадкаға өте ұқсас.Дене температурасы көтерлуі,ұйқысыздық немесе ұйқының жие келе беруі, көңіл күйінің жоғалуы,жиі тершеңдік әсіресе түнде немесе таңға жақын.Жүректің тез соғуы тамаққа тәбеті жоқ,жүрегі айну,бас ауру.Науқастардың үштен бір бөлігі енді басталған туберкулез кезінде,өздерін сау адамдарша сезінеді. Кейде жағдайда құрғақ жөтел немесе қақырықтың бөлнуі мен сипатталады.
Асқыну кезінде тыныс алу жолдарынан ірің,қан кетулер байқалады.Осының салдарынан орталық жүйке жүйесінің зақымдануы және жұтқыншақта,бронхтарда,кеңірдекте,кей жағдайда плеврада жөтелді қоздырушы рефлекстер пайда болады.Жөтел суық ауада,қатты айқайлағанда,тез қозғалғанда күшейеді.Бұны көбінесе бронх демікпесімен шатастырады, бұл кезде жөтел тоқтататын препараттар өте нашар әсер етеді.
Кей жағдайда жие және мазасыз жөтел науқасты мазалайды,ұйықтатпайды,
Кеуде аймағында ауырсыну байқалады, кейде жөтел болмау мүмкін,бірақ иіссіз шырышты қақырық бөлінеді.Иісті қақырық тек инфексия мен арласқанда немесе іріңді бронхит кезінде байқалады.Көбіне қақырықтың бөлнуі таңертең және кешке болады.
Деструктивті процесс кезінде қақырық өте сирек бөлінеді.Күніне 100 120мл литр немесе оданда көп.Дәрігердің күтімімен және антибактериалды ем қолданған кезде қақырық азая бастайды.Ал қан аралас қақырық капилярлардың зақымдануынан пайда болады.Ал таза қанның кетуі шайқасықтан көп мөлшерде болуы,қабыну ошағының маңындағы қан тамырлардың жарлуынан болады.Қан аралас қақырық пен қан кету егде жастағы адамдарда көп кездеседі.
Жүрек және пульс.
Туберкулез токсині жүрек бұлшық етін зақымдайды,кейіннен жүрек жұмысын бұзады,ентігулер пайда болады.Пульсі тез соғады,қан аздық пен арықтауға әкеліп соғады. Туберкулез кезінде қан аралас қақырық пен қан кету мақсатында анемия пайда болады.
Жиі лихорадқа тершеңдіктің және тамаққа тәбеттің жоғалуынан арықтық пайда болады. Туберкулездің жеңіл түрінен басталып, науқас өзін өзі саумын деп есептейтін кезеңнен, ең ауыр түрі мен
аяқталады.Қазіргі кезде жиікездеседі;
Өкпе туберкулезі мен басқа тыныс алу жолдары ауруын ажырата білу керек; пневмания, бронхиттер,өкпе абсцесі.Нақты диогнозды қақырықтан Кох таяақшаларын тапқан кезде ғана қоюғаболады немесе Рентгенографиядан кейін. Туберкулез кезде жөтелесіз және
басқа симптомдарсыз өтеді.Оны сепсиспен немесе эндокардитпен шатастыруға болады.
Бірінші реттік туберкулез өкпенің жоғарғы және аз бқлшегінің қабынуымен сипатталады.Науқастықтың басталуы өте жоғарғы температурамен,жөтелмен,бас және кеуденің ауыруымен айқындалады.Осы кезде қан құрамы өзгере бастайды,лейкоциттер көбейе бастайды,СОЭ жоғарлайды. Өкпеде сырылдар естіліп, қақырықтан микобактериялар табылады. Рентгендік тек серуден өткізгенде өкпеде екі өзгеріс яғни өзгеше белгі байқалады.Бірі өкпе
Тінінде,екіншісі өкпе тамырында.Бұлар бір бірімен дорожка тәрізді қабынған лимфа түйіршіктері мен жалғасып жатады.Көбіне өкпе қабыршығының қабынуы(плеврит) байқалады және плевра ішіне сұйықтық жиналады.Асқынған түрлерінде жуан бронхтар да зақымданады.Кейіннен микобактериялар туберкулез ошағынан лимфа түишіктері немесе қан арқылы сүйекке,бүйрекке және ми қабыршықтарына түседі.Мұндай жағдайда адам өмірі өте ұзаққа созылмайды. Егер бірінші реттік туберкулез тек кеуде ішінің лимфа түйіндерін және соған жаұын бронхтарды ғана зақымдаса онда ол бронхоадений болып саналады.

Туберкулездің емі.
1. диета терапия
2. Аэротерапия
3. Емдік денешынықтыру
4. Тағам ақуызға бай,майлы,витаминге бай
5. Санаторлы курорттық ем
6. Туберкулезге қарсы ем
Изониозид,рифампицин,стрептомицин,этамбутоль.Көп эффект бермейтіндер;Паск тиоацетазон дәрігер туболагтың нұсқауы бойынша ауру жазылды деп саналады,егер қақырықта үш рет тексергенде микобактерия табылмаса.Рентгенде өзгерістер болмаса жөтел жоқ,интоксикация белгілері жоқ.
Спецификалық емес ем.
1. Стимуляторлар тобы;женьшень.
2. Ағзаның жалпы жағдайын жаұсартатын дәрілер;В1,В6,В12 поливитаминдер;Дуавит;Юникап;Глюказа;Вит С;
3. Симптоматикалық ем
Көп айға санатори курортқа жіберу;Кырым,Шырындар,Қымызбен емдеу
Егер науқас қан түкірсе төсек режим,сөйлеуге болмайды,ыстық тамақ,және ыстық сусындар ішуге болмайды.
Көктамырға10% Са хлорид ертіндісін 10,0 және аминакапрон қышқылын енгіземіз тамшылап.Бұлшық етке 1,0 мл викасол
Науқастың жалпы жағдайына қарап хирургиалық ем қолданамыз.Науқас жақсы емделмесе өлім мен аяқталуы мүмкін.

Туберкулездің алдын алу.

Социальды,санитарлы,спецификалық алдын алу.
Социальды – жұмысында адамға жақсы жағдай жасау.
Санитарлы – ошақтарды жою,санитарлы ағарту жұмысы, ауырған науқастарды тізімге алу. Туберкулезбен ауырған адамдарға арнайы жек ыдыс беру, жөтелу тәрбиесін үйрету,
түкіргіш беру,бөлмесін дизертіндімен,сүрту.
Спецификалық ваксинация, сау адамдардың реваксинациясы.
Химиялық алдын алу қарым –қатынаста болған адамдарды диспанцерлік бақылауға алу.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу

Туберкулез - ежелгі жұқпалы аурулардың бірі. Роберт Кох 1882 жылы туберкулез қоздырғышын ашты және бұл жұқпалы ауру екенін дәлелдеді. XX ғасырға дейін туберкулез іс жүзінде емделмейтін болған. Туберкулез әлемдегі ең көп таралған инфекциялардың бірі. Микроскоп астындағы туберкулез микробы қатты ұлғайған кезде кішкентай таяқша тәріздес болып көрінеді, сондықтан туберкулез таяқшасы деп аталды.

Туберкулез дегеніміз не?

Туберкулез - бұл өкпе және лимфа түйіндерде ерекше қабыну өзгерістерінің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Туберкулез - бұл тек өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзаларының - сүйектердің, бүйректердің, мидың және ми қабықтарының, терінің, көздің және басқа ағзалардың да зақымдануы. Алайда өкпе туберкулезі жиі кездеседі.

Жұқтырудың негізгі көзі - туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микобактерияны бөлетін адам.

Туберкулез қалайша тарайды?

Туберкулез адамнан адамға ауамен таралады. Жөтелгенде, түшкіргенде немесе қырғанда өкпе туберкулезі бар адамдар ауаға туберкулез бактерияларын жаяды. Жұқтыру үшін адамға осындай бактериялардың аз ғана мөлшерін дем алуы жеткілікті. Туберкулез қоздырғышының сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталу қабілеті бар, мысалы, микобактериялар тозаңданған, көгерген үй-жайларда адам үшін қауіпті болып қала отырып, жылдар бойы өмір сүруге қабілетті. Науқас адам жөтелгенде қақырықпен бірге, түшкіру, сөйлеген кезде қоршаған ортаға 2-6 м радиуста ауада таралатын миллиондаған микобактерияларды бөледі, олар еденге, заттарға шаңмен бірге тұнады және көптеген жылдар бойы өміршең болып қалуы мүмкін.

Туберкулез ауруына тек адамдар ғана емес, сонымен қатар малдар да шалдығады: сиыр, ешкі, бұғы, түйелер. Ауру жануардың сүті, немесе еті адам үшін жұқтыру көзі болуы мүмкін.

Науқас өмір сүретін жерде санитариялық жағдайлар мен сақтық шараларын сақтау өте маңызды.

Егер өкпе туберкулезімен ауыратын науқас барлық гигиеналық талаптарды сақтаса, онда ол айналадағыларға қауіпсіз. Өкпе туберкулезі тұқым қуаламайды. Туберкулез ауруымен ауыратын ата-аналардың балалары сау болып туады. Алайда, барлық сақтық шараларын сақтамаған жағдайда бала туберкулезді жұқтырып, ауырып қалуы мүмкін.

Туберкулез микобактериялары адам ағзасына түскен кезде ауру жұқтырылады, бірақ туберкулез ауруының дамуы әр жағдайда болмайды. Өкпе туберкулезінің ауруы иммунитет төмендеген, жеткіліксіз тамақтану, қанағаттанарлықсыз санитариялық-гигиеналық жағдайларда орын алады. Негізінен иммунитеті нашар жас балалар, жыныстық жетілу кезеңіндегі жасөспірімдер және иммунитеті төмен қарт адамдар ауырады.

Туберкулез ауруына ықпал ететін факторлар

1. Толыққанды тамақтанудың болмауы.

2. Туберкулезбен ауыратындармен тығыз, ұзақ қарым-қатынас жасау (кішкентай балаларға қысқа мерзімді қарым-қатынастың өзі жеткілікті).

6. Ілеспе аурулардың болуы (диабет, асқазан жарасы, өкпенің созылмалы аурулары).

Туберкулез белгілері?

1. Ұзақтығы екі аптадан асатын жөтел

2. Шаршау және әлсіздік

3. Дене салмағының төмендеуі

4. Температураның ұзақ көтерілуі

5. Түнде тершеңдік

6. Кеуде қуысындағы ауырсыну

Туберкулезді қалай анықтауға болады?

1. Тері туберкулин сынамасы (Манту) адамның жұқтырғанын көрсетеді.

2. Рентгенологиялық тексеру (флюорография) өкпенің зақымданғанын көрсетеді.

3. Қақырықты зерттеу жөтел кезінде бөлінетін микробтардың бар-жоғын анықтайды.

Туберкулездің алдын алу шаралары

1. Салауатты өмір салты. Бұл мақсатқа жету үшін ең жақсы жолы - күн тәртібін құру және ағзаны шынықтыру.

2. Таза ауада серуендеу, күн және су процедуралары, дене шынықтырумен айналысу, демалыс пен еңбек жүктемесінің дұрыс үйлесімі, толыққанды, дәрумендерге бай тамақтану, жеткілікті және уақтылы ұйқы, яғни дұрыс гигиеналық тәртіп адам ағзасының нығаюына ықпал етеді және оны туберкулез ауруынан қорғайды.

3. Жыл мезгіліне қарамастан, таза ауада мүмкіндігінше көбірек болу қажет, өйткені таза ауа ағзаға жақсы әсер етеді және шынығудың тамаша жолы болып табылады.

4. Жеке гигиена ережелерін сақтау: жуу құралдарын және ағынды суды пайдалана отырып, қолды, ыдыстарды жуу, тұрғын үй-жайларды ылғалды жинау және желдету, ет пен сүтті міндетті термалық өңдеу, жеке гигиеналық құралдар мен ыдыстарды пайдалану, су процедуралары — сүртіну, құю, душ.

5. Жөтел этикетін сақтау

6. Гигиеналық тәртіптің маңызды бөлімі дұрыс тамақтану болып табылады. Адам тәбетінің жоғарылауына ықпал ететін және ағзамен жақсы сіңіретін түрлі тағамдарды жеу керек. Тағам құрамына ақуыздар, майлар мен көмірсулардан басқа, міндетті түрде витаминдер мен минералды тұздар кіруі тиіс. Ақуыздар ет, сүт, сүзбе, жұмыртқада болады; көмірсулар - қант, нан, картоп, жармада. Витаминдер мен минералды тұздар негізінен жаңа піскен көкөністер мен жемістерде болады.

7. Туған кезде БЦЖ-мен міндетті түрде вакцинациялау және 6-7 жаста қайтавакцинациялау.

Өкпе туберкулезі

Өкпе туберкулезі — бұл созыпмапы (ұзаққа созылатын), жұқпалы (тез тарайтын) ауру, мұнымен кез келген адам ауыруы мүмкін. Туберкулез көбінесе 15-тен 35 жасқа дейінгі жастарда болады, әсіресе ол СПИД-пен ауырса немесе тоя тамақ ішпесе, не туберкулезбен ауыратын адаммен бірге тұрса. Туберкулезді емдеп жазуға болады. Соған қарамастан одан жылына мыңдаған адам өліп жатады. Алдын алу үшін де, емдеп жазу үшін де ауруды алғашқы сатысынан бастап емдеу керек. Сондықтан туберкулездің белгілерін біліп, одан сақтана білу қажет.

Туберкулездің анағұрлым кең тараған белгілері
• Ұдайы жетел болады, ертеңгісін үйқыдан түрған кезде жетел қатты қинайды;
• Түстен кейін аздап ыстық кетеріледі және түнде терлеп қалады;
• Кеуде немесе белдің жогары болігі ауыруы мүмкін;
• Ауру адам біртіндеп салмағын жоғалтады және әлсіздігі күшейе түседі.

Аурудың келесі сатысы
• Жөтеліп, қан түкіреді (әдетте аздап, бірақ қанның көп кететіні де болады);
• Тері бозарып, босап қалады. Терісі қара немесе сарғыш адамдардың терісі, әсіресе беті ақшыл тартады;
• Дауысы қырылдап шығады (өте қатерлі)
Жас балаларда: жөтел кейіннен басталады. Бірақ мына белгілерге назар аударыңыз.
• Ұдайы салмағын жоғалту
• Жиі ыстығы көтерілу
• Тері түсінің бозаруы;
• Мойында (лимфа бездері) немесе іште бітеу жара (ісік) пайда болады.
Туберкулез әдетте өкпені зақымдайды, бірақ ол дененің кез келген жерінде болуы мүмкін. Жас балаларда ол менингитке ұласуы мүмкін. Тері туберкулезі де болады.
Егер туберкулезбен ауырып қалған шығармын деп сезіктенсеңіз, жедел дәрігерге көрініңіз. Туберкулездің алғашқы белгісі білінісімен теріге, қақырыққа немесе түкірікке анализ жасатып, рентгенге түсу үшін емханаға барыңыз. Көптеген елдерде туберкулезге қарсы дәрілер тегін беріледі. Бұл жөнінде жақын маңдағы сауықтыру мекемесінен сұрап біліп алыңыз. Олар сізге мына 2,3,4 дәрі түрлерін ұсынуы мүмкін:
• Изониазид таблеткалары
• Этанбутол таблеткалары
• Рифампин
• Тиацетазон таблеткалары
• Пиразинамид
• Стрептомицин (шанышатын)
Бұл дәрілерді дәрігердің берген нұсқауын қатаң сақтай отырып қабылдау өте маңызды. Кемінде бұлардың екеуін бір мезгілде қабылдау қажет. (Бұл дәрілерді қабылдау кезіндегі сақтық шараларын қабылдаңыз). Дәрілерді қашан дәрігер сіздің толық сауыққаныңызға көз жеткізгенше іше беріңіз. Өзіңізді жақсы сезіне бастағаннан дәріні қабылдауды тоқтата салмаңыз. Туберкулезден толық жазылу үшін 6 айдан бір жылға дейін және одан да көп уақыт керек.
Мүмкіндігінше құрамында қуат беретін витаминдер мен протеин мол тағам түрлерін көбірек ішіңіз.
Аурудан айығуда демалыстың да үлкен маңызы бар. Мүмкіндігінше жұмыс істемеңіз және қашан өзіңіз оңалып, тәуір болғанша ештеңеге көңіл бөлмеңіз, жаныңызды жабырқатпаңыз.
Оңала бастағаннан кейін қатты шаршамауға және тым іштей ширықпауға тырысыңыз. Әрқашанда уақытыңыздың көбін демалыс пен ұйқыға бөліңіз. Дененің басқа жеріне түскен туберкулез де өкпе туберкулезін емдегендей жолмен емделеді. Бүл жерде әңгіме мойын безінде, қарын қуысында, теріде және буындарда, мысалы, тізеде болатын туберкулез жөнінде болып отыр. Туберкулез сәбидің омыртқасына түссе, бала сал болып қалмас үшін оған операция жасауға тура келуі мүмкін.

Туберкулез өте жұқпалы! Туберкулезбен ауыратын адамдармен бірге тұратын, әсіресе балалар, бүл ауруды тез жүқтырады
Егер сіздің үйіңізде біреу туберкулезбен ауырса:
• Отбасы мүшелерінің бәрі туберкулинге анализ тапсыратын болсын.
• Балаларды туберкулезге қарсы прививкамен вакцина жасатқызыңыз.
• Отбасы мүшелерінің бәрі, әсіресе балалар жақсы тамақтануға тиіс.
• Туберкулезбен ауыратын адам ауырып жүрген кезінде балалардан бөлек, мүмкіндігінше жеке бөлмеде ұйықтап, жеке бөлмеде тамақтануға тиіс.
• Одан аузын жауып жөтелуін және еденге түкірмеуін өтініңіз.
• Отбасы мүшеперінің бәрінің салмағындағы өзгерістерді және туберкулездің басқа да белгілерін қадағалап отырыңыз. Жүғу қаупі жойылғанша ай сайын барлық отбасы мүшелерін, әсіресе балаларды өлшеп тұрған жөн. Туберкулез отбасы мүшелерінде өте жай және кенеттен басталады. Аурудың белгісі сәл білінісімен жедел тексертіп, бірден емдеуді бастаңыз.

Туберкулез аса қауіпті дерт

Қандай да бір дертке қарсы ағзамызда иммунитет қалыптастыру үшін біздің өміріміз жүйелі бағытқа бағынуы керек. Адам дұрыс дем алуы керек, дұрыс тамақтануы керек, тыныш ұйықтауы керек. Біз шапқылап жүгіреміз де жүреміз. Кеш жатып, ерте тұрамыз. Дертке дауа – таза ауаны мейрамхана, дәмхана, түнгі клубтарға айырбастап жүргендерді де көріп жүрміз. Біз "Жүректі ояту" дегенді атымен білмейміз. "Жүректі ояту" үшін таңғы асты ішпес бұрын 200 грамм жылы су ішу керек. Сосын 15 минуттай тамақ ішпей барып, таңғы асқа отыру керек. Ал біз таңертең тұра салысымен беті-қолымызды шала-шарпы жуа салып жүгіре жөнелеміз. Қысқасы, "екі аяғымызды бір етікке тығамыз". Кішкентай уақытта бар шаруаны тындырып тастағанды жөн көреміз. Осыдан барып адамның ағзасы шаршайды, ағза қартаяды. Маған келіп, денсаулық туралы жөн сұрап отырған өзіңіз де "бір жүйелік бағытқа бағынамын" деп айта алмайсыз. Ауыр тамақ жеген күннің ертесінде, сұйық тамақ ішуге тырысу керек. Сіз бен біздің олай бипаздап отыруға "уақытымыз" жоқ. Тамақ даярлауға қаншама сағатын өлтіргенше, дәмханадан барып, тезірек дайын аспен ауқаттанғанды жөн санайтындар да жетіп артылады. Өз үйінің асын менсінбей, өзге қазанға көз сүзіп жүрген қаншама адам дерт жұқтырып жүр. Ал енді осы бір "сұрап алған ауруға" қарсы қандай иммунитет қалыптастыруға болады? Біз нәресте дүниеге келе салысымен, құрт ауруына қарсы вакцина саламыз. Бұл вакцина салынған адам "дертпен мүлде ауырмайды" дегенді білдірмейді. Ол тек адам ағзасында сол ауруға қарсы иммунитет қалыптастыру үшін қажет. Біздің бала туа салысымен, егіліп жатқан вакциналарымыз, осыдан үш-төрт жыл бұрын күшінде еді. Ал қазір сол вакцинаның беделі белден басылып жатыр. Осыған орай, былтырдан бастап, 11-12 жасқа толған балаларға вакцинаны қайта салу бағдарламасын жасадық. Міне, Қазақстан медицинасының бұл дертке қарсы иммунитет қалыптастырудағы рөлі – осы. Негізі, адамның ағзасына қарсы иммунитетті адам өзі қалыптастыру керек. Адам өзі "мен мына дертті қалай да жеңіп шығамын" деп күресуі керек. Біз медицина мамандары бір адамды сақтап қалуға емес, бүкіл халықты сақтап қалуға күш салуымыз керек. Біздің бір-екі адамның дертіне қарсы иммунитет қалыптастырғанымыз ешқандай пайда әкелмейді. Біз қоғамдағы кертартпаларға қарсы иммунитет қалыптастыруымыз керек. Егер қоғам өзін-өзін сыйламайтын, өзінің дертіне мән бермейтін бойкүйездермен толығатын болса, онда бізде сау халық қалмайды.
Жаңағы сіз айтып отырған Роберт Кох құрт ауруының таяқшасын 1882 жылы тапқан. Сол Кохтан бұрын Ибн Сина осындай тұжырым жасапты. Бірақ ХVІІІ ғасыр мен ХХІ ғасырды салыстырғанымыз жөн болар ма екен. Ол кездің адамдары мен қазіргі заманның адамдары екі басқа. Екі түрлі мүддені көздейтін адамдардың ой-санасы, ес-ақылы, ішкі ағзасы да екі басқа болады. Рас, кезінде инфекциялық дертпен сырқаттанған адамдар құрт аурумен науқастанбаған. Ал қазір әрбір адамға, әр түрлі дертке қарсы алдын ала вакцина салынатындықтан, сүзек, шешек, қызылша сияқты аурулар біздің есігімізден сығаламайтын болды. Туберкулез қоздырғышы адам ағзасы қандай дәріні қабылдайды немесе қандай дәріні қабылдамайды, осының бәрін бақылап, зерттеу жасап алады. Медицина тілімен айтсақ, адам ағзасына мутация жасайды. Туберкулез таяқшалары ауырмайтын әрбір адамда болуы мүмкін. Мысалы, қазір сіздің деніңіз сау болғанымен, сіздің ағзаңызда кез келген дерттің қоздырғышы бар. Егер сіз күтінбей, дәрігерлік тексеруді қажетсінбей, өз ағзаңызға немқұрайлы қарайтын болсаңыз, аурудың қоздырғышы қозып, жасырынып жүрген дертіңіз анықталады. Негізі, медицина саласы түпсіз тұңғиық сияқты, адам түсініп болмайды. Мысалы, таяуда жапондық ғалымдар операция жасағаннан кейін, "науқастың операция жасаған жері іріңдеп кететін болса, бұл жайт кері әсер етіп, науқастың жағдайын нашарлатудың орнына жақсарта түседі" деген қызық ақпарат таратты. Осындай түсініксіз қағидаға сүйеніп: "Инфекциялық ауру тудыратын бактериялар түрлі қатерлі дерттен сақтайды" деп отыра беретін болсақ, "әттеген-ай" деп қалмасымызға ешкім кепілдік бере алмайды.
Халыққа қандай ақпаратты жеткізсең, көпшілік соны жүрегіне жақын алады. Егер мен сіздердің газеттеріңізге "құрт ауруы тұқым қуалайды" деп сұхбат беретін болсам, сіздердің 200 мыңнан асып жығылатын оқырмандарыңызды қателестірген болар едім. Сондықтан "құрт ауруы тұқым қуалайды" деген түсінікпен келіспеймін. Ана құрсағында жатып, осы дерттің шырмауына ілінген сәбилер болады. Дүние есігін жаңа ашқан сәбилердің ағзасында құрт ауруының таяқшасы пайда болып жатса, ол анасынан жұғады. Туберкулез балаға қанмен бармайды. Ол адамнан адамға жұғады. Жалпы, мен ата-бабаларымыздың: "Жеті атаға толмай қыз алысып, қыз беріспеу керек" деген қағидасын қолдаймын. Кейбір елдер туған-туыстарымен отбасын құра береді. Ал бұл – тұқым қуалайтын дерттің тамырына жан бітіреді. Әсіресе, обыр, лейкоз, ауруларының көптеп таралуына осы жайттың әсері мол. Міне, біздің бабаларымыз генетикадан хабары жоқ болса да, осы жағына қатты назар аударған. Сондықтан бізде тұқым қуалайтын дерттердің қатары сирек.
Бұл төмпешік адамның кез келген жеріне орнығып алады. Негізгі ұясы – өкпе, тыныс жолдары органдары. Туберкулез таяқшаларының адам ағзасында пайда болғанына 150 жылдан асты. Бірақ бұл дерттен ешқандай мемлекет түбегейлі басын арашалап ала алмай отыр. Қарапайым халық дәрігерге барғанның орнына, үйінде жатып, өз білген емін қолданады. Олар анализ тапсырып, тексерілгенен гөрі, "суық тигеннен жөтеліп жүрмін" деп өзіне-өзі диагноз қойып алып, алдыңа келеді. "Құрт ауруы", "Тубдиспансер" деген атауды естігісі келмейтін адамдар, ағзасын жайлап алған ауруды мойындағысы келмейді. Әбден әлі бітіп, төсектен тұра алмайтын жағдайға жеткен адам анализін алып, ем қабылдау жүйесін түсіндіргенде ғана өзінің жанын көзіне көрсеткен дерттің аты шулы екенін біліп, сары уайымға салынады. Ал оған дейін ол денсаулығына көңіл бөлмек түгілі, "осы мен неге әлсірей берем, неге дұрыс тамақтанбай жүрмін?" деп ойламайды. Осылай өзін-өзі психологиялық тұрғыдан күйзелтіп жүрген адамның миын дерт мекендемегенде қайтеді? Қандай ауруды болсын, жеңіп шығуға болады. Ол үшін адам ешқандай жан күйзелісіне салынбай, салауатты өмір салтына ден қою керек.
Ресейде өзге ұлттардан гөрі орыстар осы дертпен науқастанады. Сол сияқты Англияда ағылшындар. Ал Қазақстанда да өзіміздің қаракөздер. Мұның несін жасырамыз? Туберкулезбен баспанасы жоқ, жұмысы жоқ, ішімдікке салынған я болмаса нашақорлар жиі ауырады. Біздің қазақ нашақор немесе араққұмар болмаса да, өзінің меншігінде баспанасы жоқ, пәтер жалдап тұратындар жағынан басымдық танытады. Ешқандай санитарлық талабы сын көтермейтін пәтерлерді де көріп жүрміз. Жұмысы жоқ қаншама қазақ азаматтары қара базарда арба сүйреп, көше бойында күшін сатып жүр?! Күні бойы қара жұмысқа артылып жүрген адамның кешкісін жаны жай тауып, көз шырымын алатын жері болмаса, тірлігінде не мән, не мағына болсын?! Ауырса аспиринмен ғана емделуді өзінің тактикасына енгізіп алған бізге өзге елдер мысқылмен қарайды. "Қазақ өлейін деп жатқанда ғана дәрігердің алдына барады" деген сөз тектен-текке шықпаған. Тіпті дәрігердің жазып берген дәрісін алуға қаражаты жоқ адамдарды да көріп жүрміз. Осы бір салғырттықтан, амал таппастықтан арылмайынша, босағамызға дерт байланып, тіршілігіміздің түтінін түтетуге шамамыз жетпей қалары анық. .


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу

Туберкулез қоздырғышы. 1882ж Р. Кох туберкулез қоздырғышын ашқан. Туберкулез ауруы көп таралған. БДҰ болжамы бойынша алдынғы 10 жылдарында туберкулезді 90 млн жұқтырады, 30 млн адам өледі. Қазақстан туберкулез ауруы таралуы бойынша, барлық ТМД елдерінің ішінде бірінші орында тұр.

Микобактериялар систематикасы.

  • Тұқымдасы- Mycobacteriaseae
  • Түысы – Mycobacterium
  • Түрлері – M.tuberculosis, M. bovis, M. africanum, M. avium, M. leprae.

Туберкулез қоздырғышы

  • M. hominis, bovis, avium, africanum – сәл иелген таяқшалар, спора, капсула тузбейді, қозғалмайды.
  • Орталарға талапшыл – картоп, глицерин, сарыуызды талап етеді, баяу өседі 30-45 тәулік.
  • Элективты орталар – Левенштейн –Йенсен ортасы, Бучин ортасы, Петраняни ортасы.
  • Тығыз орталарда –R пішінді колониялар тузеді – ірі, әжімделген, сары түсті, құрғақ.

туберкулез қазақша

Туберкулез қоздырғышының биохимиялық қасиеттері

  1. Ферментативтік қасиеттері тұрақты емес, диагностика үшін манызы жоқ.
  2. Эндотоксин түзеді – туберкулин деп аталады, осы токсинді Кох ашқан.
  3. Фтиоидты, микол қашқылдары адам тіндерін бұзады, балауыз, корд-фактор токсигендік қабілеті бар.
  4. Корд-фактор микобактерияларды фагоцитоздан қорғайды. Аяқталмаған фагоцитоз байқалады.

Туберкулез эпидемиологиясы

  • Инфекция көзі ауру адам, жануарлар.
  • Жұғу жолдары – экзогенді (ауа тамшы, ауа шан), тұрмыстық қарым қатынас, алиментарлы, жынысты жолмен, эндогенді – қан және лимфа арқылы.
  • Туберкулез – созылмалы қалғымалы инфекция. Туберкулездің біріншілік және екіншілік түрлері болады.

Патогенезі. Қоздырғыш тыныс жолдары, шырышты қабықшалар және терідегі жаралар арқылы енеді.
Бірінші ошағы – өкпе немесе ішек жолдарының лимфа бездері. Осы жерде гранулематозды қабыну пайда болады, туберкула деген томпешік пайда болады. Төмпешік эпителоидты, лимфоидты, плазматикалық жазушалардан, макрофагтардан, алып көпядролы Лангханс жазушалырынан тұрады және ортасында некроз байқалады. Осы гранулеманы – Гон ошағы деп атайды.

  • Гранулема, лимфоангит, лимфоаденит бүл біріншілік туберкулезды ошақ пневмонияға акеледі.
  • Осы ошақтан қоздырғыш гематогенды және лимфогенды жолмен басқа мүшелерге тарайды.
  • Егер иммунитет жоғары болса- гранулема дәнекер капсуласына оралады, осы ошақта туберкулез таяқшасы анабиозға ұшырайды, сақталады.
  • Алиментарлы жолмен жұққанда туберкулез таяқшасы ішек лимфа бездерін зақымдайды.

туберкулез қазақша

Клинкалық көрніс бойынша басты 3 түрі бар:

  1. Балалардың және жасөспіпмдердің бірінші (алғашқы) туберкулездік интоксикациясы
  2. Тыныс органдарының туберкулезі
  3. Жүйелермен органдардың туберкулезі

Микробиологиялық диагностика

  • Бактериоскопиялық әдіс – Цил- Нилсен бойынша бояйды.
  • Бактериологиялық әдіс – Левенштейн –Йенсен ортасында өсіреді, таза дақылды бөліп алады, биосынама жүргізеді M. hominis, bovis түрлерін ажыратады.
  • Туберкулез таяқшасын зертелетін затта көбейту үшін флотация жүргізеді( қышқыл қосады және сілтілі).

Ниацин сынамасы. Ниацинды барлық микобактериялар тузеді және рибонуклеатидке айналдыратын фермент тузеді, бірақ туберкулез таяқшасы осы ферментті тузбейді. Туберкулез таяқшасы ниацин қөрек ортасында жинақтайды. Сондықтан ортада ниацин анықтау керек. Қөрек ортанын устінен 4%спирт және 10 % цианоген бромид қосамыз, ортада ниацин болса сары түс пайда болады.

Аллергиялық әдіс. Манту сынамасы – вакцинаны еккенде, бір ай дан кейін жүргізеді. Тері астына туберкулин егеді, 42 сағ. кейін инфилтратты өлшейді. Осы сынама вакцинаның әсерінен түзелетін иммунитетті теқсереді.
Экспресс-әдіс –Прайс микродақылдар әдісі.

Читайте также: